2022 жылы 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.
Ата -аналар назарына!
2022 жылы 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі. 1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Қажет құжаттар тізімі: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы); 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы. 1-сыныпқа қабылдау электрондық үкіметтің Еgov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.