Оқушыларға арналған кеңестер!
Мектеп қабырғасында жүргенде беделді де білімді оқушы боламын десең, біз ұсынған қағидаларға көз жүгіртіңіз. Бұл қағидаларды қалыптастырып алсаңыз, алдағы ғұмырыңызға да септігі тиері сөзсіз.
- Теледидардың алдында көп отырмаңыз. Ешқашан. Ол сенің уақытыңды өлтіреді.
- Алға жылжы деген қанатты сөздер сенің ұраның. Әрекет ет, көмектеседі.
- Басыңа жақсы ой келді ме? Жылдам жазып қой! Ол үшін арнайы дәптер,файл немесе блог ашып қой.
- Эмоциялық және физикалық денсаулығыңды мұқият сақта!Дене шынықтыру және өзіңді жақсы көңіл күйде ұстау сенің табысқа барар жолың!
- Сабаққа кеш қалып жатсың ба? Ол туралы хабар берудің амалын тап!
- Өзгелердің армандарына күлме. Оданда өзің арманда!
- Өзіңе опасыздық жасаған адамға қайта оралма! Олар ешқашан өзгермейді.
- Ата- ана аналарыңның жанында көп уақыт болуға әрекет жасаңдар. Аяқ астынан олар сенен алысқа кетуі мүмкін, бұл Алланың ісі. Қапы қалма!
- Жақсы сөзбен жылан інінен шығады, жаман сөзбен адам діннен шығады. Жылы жүзді болайық!
- Өз қатеңді мойындай біл! Қатеңді жылдам және қатаң түрде түзет!
- Шағым жасау әдетінен бастарт!Сенің проблемаң басқаларды қызықтырмайды!
- Ешқашан өсек айтпа!Жаман сөз жылдам тарайды!
- Көңіл-күйің төмен болса дем ал! Бұл өмірде бәріде өтіп кетеді деген сөздерді қайтала! Проблемашешудің бір жолы: Миға демалыс бер!
- Досыңмен ұрысып қалған жағдайда көкейге бататын,ар-намысына тиетін әрекет жасама!Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді!
- Таңмен жақсы ниет еткен болсаңыз,күннің екінші жартысында жақсылықтың нұры жаусын! Жақсы ниет,жарым ырыс!
- Шындықты сөйлеген жамандықты еске алмайды!
- Мен досыма қарыз едім "деген сөзді сөз қорынан өшіріп тастаңыз! Болмаса бұл өмірге қарыз болып өтесіз.Бала тек ата-анасының алдында ақ сүтіне,сыйлаған өміріне қарыз.
- Өз келешегіңді өзің жаз!Өзге емес өзің туралы өзің айт!
- Алдыңа мақсат қой! Келешегіңді жобала!
- Көп ізден! Өз біліміңді дамыт! Уақытың жетпей жатса да ізденгенді қойма!Оқу мен іздену-уақытыңды босқа кетіру емес! Уақыт-алтынға теңеледі.
Өзгенің де өзіңнің де уақытыңды алма!!!