Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығына сәйкес
«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде педагог-организатор бос жұмыс орнына
Конкурс жариялаймыз
Мекеменің мекен - жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Миялы ауылы, А. Қасымбеков 24Б, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон номері: 87277353250, электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , индекс: 040316
Еңбекке ақы төлеу мөлшері: 60000 - 70000 (0,5 ставка)
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізуді туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі және соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Негізгі функционалдық міндеттері/лафуазымдық міндеттері: "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы. 11 - параграф. Вожатый, аға вожатыйдың лауазымдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттері: "Жас қыран", "Жас ұлан" балалардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің қызметін дамытуға ықпал етеді.
Білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді.
Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады.
Ұжымдық - шығармашылық қызметті ұйымдастырады.
Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істейтін ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдай жасайды.
Білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымдарында мәдени - көпшілік, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілерге тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
Білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалысын ұйымдастырады. Білім алушылармен жұмыстың инновациялық тәжірибесін зерделейді және пайдаланады. "Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата - анаға құрмет" қоғамдық маңызды жұмыстарды ұйымдастырады. Балалар ұйымдарының, бірлестіктердің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Өзін - өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата - аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1)Қағидаларға 10 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; /қоса тігіледі/
2)Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7)Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10)11 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. /қоса тігіледі/
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Ескерту Қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: оқушылармен жұмыс істей алу, іс - шараларды ұйымдастыра алу дағдысы
Конкурс өткізілетін орын: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Миялы ауылы, А. Қасымбеков 24Б, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Конкурс өтетін мерзімі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні өткен соң белгілейді.
Ниет білдірген азаматтардан құжаттар соңғы хабарландыру мемлекеттік тілінде жарияланғаннан кейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Анықтама телефоны: телефон номері: 87277353250, 87074794527
https://karagash.balqash.edugov.kz/zh-lykt-r-kz-r-g-shs-ya/9955-bos-oryn-a-konkurs-zhariyalajmyz.html#sigFreeIdbb8a14f91a