09 Қаң 2023
Жаңалықтар (kz)

Хабарландыру

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығына сәйкес

«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі лауазымына бос жұмыс орнына

Конкурс жариялаймыз

 

Мекеменің мекен - жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Миялы ауылы, А. Қасымбеков 24Б, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон номері: 87277353250, электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , индекс: 040316

Еңбекке ақы төлеу мөлшері: 80000 - 90000 

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізуді туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі және соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Негізгі функционалдық міндеттері/лауазымдық міндеттері: "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы.

      64. Лауазымдық міндеттері:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
  • білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым - қатынас арқылы қарым - қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
  • білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
  • пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік - тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
  • бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді
  • журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
  • оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  • оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік - қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
  • оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  • білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді
  • инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
  • арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
  • интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
  • әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  • ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
  • ата-аналарға кеңес береді;
  • кәсіби құзыреттілікті арттырады;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

      65. Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық - педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

  • оқу пәнінің мазмұны, оқу - тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі
  • педагогика мен психология
  • пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
  • педагогикалық этиканың нормалары;
  • медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
  • оқу кабинеттері мен қосалқы үй - жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
  • құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
  • еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қағидаларға 10 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; /қоса тігіледі/

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. /қоса тігіледі/

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Ескерту Қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай - ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: оқушылармен жұмыс істей алу, замануи білім беру дағдыларын игеру

Конкурс өткізілетін орын: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Миялы ауылы, А. Қасымбеков 24Б, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Конкурс өтетін мерзімі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Ниет білдірген азаматтардан құжаттар соңғы хабарландыру мемлекеттік тілінде жарияланғаннан кейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Анықтама телефоны: телефон номері: 87277353250, 87074794527

Пайдалы ақпараттық ресурстар