«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрақты бос «Математика пәні мұғалімі» лауазым орнына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрақты бос «Математика» педагогының лауазым орнына конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары немесе арнайы оқу орнынан, санаты жоқ маман: бейініне сәйкес жоғары педагогикалық білімі, ҰБТ (ұлттық біліктілік тестілеуі сертификат) (болған жағдайда), алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек хат қызметін жүзеге асыру кезінде) (болған жағдайда), кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері, курстық дайындық (сертификат) (болған жағдайда).
«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» МКМ тұрақты бос «Математика пәні мұғалімі» педагогының лауазымдық жалақысы
Лауазымдық жалақысы өткерген жылдарын есептегенде 160000 - 200000
Функционалдық міндеттері: Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспарымен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
Математика пәні мұғалімі үшін қосымша:
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді. Мектептің ішкі тәртібі, сабаққа қатысу мен оқыту тәртібін сақтайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы», Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдың алу туралы» Заңдары және білім беру қызметіне регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытуға басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негіздерін, білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім алушылар, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналармен, оларды ауыстыратын тұлғалармен, жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін сараптау технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес компьютермен, электронды пошта және браузерлермен, мультимедиялық жабдықтармен жұмыс істеу негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін.
Конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекен - жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіміне №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама.
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.
Төмендегі мекен - жай бойынша конкурс жергілікті «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтында ресми түрде жарияланған соң 7 жұмыс күн ішінде конкурстық комиссияға сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі «Қарағаш орта мектебі» МКМ Балқаш ауданы, Миялы ауылы, Қасымбеков көшесі №24Б. Анықтама үшін телефондар: іс жүргізуші +77477916855