«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрақты бос «Кітапханашы» лауазым орнына конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары немесе арнайы оқу орнынан, санаты жоқ маман: бейініне сәйкес жоғары педагогикалық білімі, ҰБТ (ұлттық біліктілік тестілеуі сертификат) (болған жағдайда), алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек хат қызметін жүзеге асыру кезінде) (болған жағдайда), кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері, курстық дайындық (сертификат) (болған жағдайда).
«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» МКМ тұрақты бос «Кітапханашы» лауазымдық жалақысы
Лауазымдық жалақысы: 1 ставка
Функционалдық міндеттері:
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.
1.2. Кітапханашыны (кітапхана меңгерушісін) мектеп директоры кітапханалық қызметке тағайындайды және босатады.
1.3. Кітапханашының бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім ,жоғары білімді болу керек.
1.4. Кітапханашы білім мекемесінің директоры мен директордың орынбасарларына бағынады.
1.5. Қазақстан Республикасы заңы мен Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақсан Республикасы Президентінің шешімі, кітапхана жұмысы мен білімге байланысты сұрақтар бойынша білім басқару ұйымдарының барлық деңгейі; еңбекті қорғау нормалары мен ережелері, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс, сонымен қатар білім басқармасының жергілікті құқықтық актісі мен Жарғысы(соның ішінде ішкі еңбек ережелерінің тәртібі, директордың бұйрығы мен әмірі, нақты қызметтік нұсқаулық), еңбек келісімшартын жетекшілікке алады.
2.Лауазымдық міндеті
Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:
2.1. Білім мекемесінде оқу -тәрбие процесін ақпаратпен қамтамасыз ету.
2.2. Оқырманды кітап оқуға және мәдениет мекемелері ретінде ұйымдастыру.
3.Қызметтік міндеттер
Кітапханашы келесі қызметтік міндеттерді орындайды:
3.1 Білім мекемелерінде кітапханашы кітапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады;
3.2. Катологтар,картотекалар,оқу бұрыштарында тақырыптық бөлімдер және әдеби шолуларды ұйымдастырады;
3.3 . Оқушыларды және білім мекемесіндегі қызметкерлерге абонементте оқу залдарында қызмет көрсету , оқырмандармен жеке бұқаралық жұмыстар жүргізу,,(даталы күндерге көрме,әр түрлі іс шаралар) Қор жағдайы мен оқырмандар сұранысын зерттеу;
3.4. Есепке алуды және белгіленген есеп беруді ұйымдастырады;
3.5. Кітапхана қорының сақталуына ,кітаптарды түгендеу,ескірген кітаптарды есептен шығару ереже бойынша жүргізу;
3.6. Кітапхана қорынан жоғалтқан, зиян келтірген әдебиеттерге оқырмандарға шара қолдану;
3.7. Басқа кітапханалармен тығыз байланыста болу;
3.8. Білім мекемесінде мерзімдік басылымдарды жүргізу және басылымды уақтылы жеткізу жұмыстарын қадағалау;
3.9.Кітапхананы жабдықтармен,өндіріс құралдарымен, кітапханалық техникалармен қамтамасыз ету;
3.10. Оқырман конференциялар, әдеби кештер және басқа іс - шаралар ұйымдастыру.
3.11.Кітапханада еңбек және техника қауіпсіздігі, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін. санитарлық-гигиеналық режимді сақтау;
4.Құқықтары
Кітапхана меңгерушісі мынадай құқықтарға ие:
4.1.Мектептегі қызметкерлер мен оқырмандарға кітапхананы пайдалану ережелеріне қатысты мәселелер бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;
4.2. Кітапханадағы ағымдық жұмыстарды кіші қызметкерлерге бағыт беріп отыру;
4.3.Білім мекемелеріндегі педагоикалық кеңеске қатысу;
Екінші данасын алдым
Конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіміне №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама.
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог – модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.
Төмендегі мекен – жай бойынша конкурс жергілікті «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтында ресми түрде жарияланған соң 10 жұмыс күн ішінде конкурстық комиссияға сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі «Қарағаш орта мектебі» МКМ Балқаш ауданы, Миялы ауылы, Қасымбеков көшесі №24Б. Анықтама үшін телефондар: іс жүргізуші +77477916855