20 Қаз 2023
Жаңалықтар (kz)

"Бастауыш сынып мұғалімі" лауазым орнына конкурс жариялайды

«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім  бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Қарағаш  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрақты бос «Бастауыш сынып мұғалімі» лауазым орнына конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары немесе арнайы оқу орнынан, санаты жоқ маман: бейініне сәйкес жоғары педагогикалық білімі, ҰБТ (ұлттық біліктілік тестілеуі сертификат) (болған жағдайда), алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек хат қызметін жүзеге асыру кезінде) (болған жағдайда), кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері, курстық дайындық (сертификат) (болған жағдайда).

«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағаш орта мектебі» МКМ тұрақты бос «Бастауыш сынып мұғалімі» лауазымдық жалақысы 

Лауазымдық жалақысы: 1 ставка

Функционалдық міндеттері:

1.1 Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.

1.2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

1.3 Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; 

1.4 Білім алушыны педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым - қатынас немесе «мұғалім» тікелей қарым - қатынас арқылы қарым - қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

1.5 Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

1.6 Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (электрондық) толтырады;

1.7 Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолданады;

1.8 Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

1.9 Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік - қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

1.10 Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

1.11 Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

1.12 Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

1.13 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын әзірлейді;

1.14 Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

1.15 Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

1.16 Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

1.17 Ата - аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
   ата - аналарға кеңес береді;

1.18 Кәсіби құзыреттілікті арттырады;

1.19 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

1.20 Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

1.21 Ата - аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

1.22 Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

1.23 Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары

  1. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің:

2.1 Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

2.2. Лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;

2.3 Білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез - құлық көрсетілуіне;

2.4 Кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық - техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына;

2.5 Ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

2.6 Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;

2.7 Білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға;

2.8 Білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай - ақ оқулықтарды, оқу - әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;

2.9 Жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға;

2.10 Білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;

2.11 Білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

2.12 Үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;

2.13 Үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;

2.14 Біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;

2.15 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік қызметке;

2.16 Кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;

2.17 "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;

2.18 Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын сақтап - тұру және арттыру үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;

 2.19 Өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға;

 2.20 Білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата - анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар - намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;

 2.2 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

 

Конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3. кадрларды  есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіміне №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

8. Наркологиялық ұйымнан анықтама.

9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог – модератордың,  педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен  байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама  ұсынады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби  деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Төмендегі  мекен – жай бойынша конкурс  жергілікті «Алматы облысы білім  басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім  бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Қарағаш  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтында ресми түрде жарияланған соң 10 жұмыс күн ішінде конкурстық комиссияға сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі «Қарағаш орта мектебі» МКМ Балқаш  ауданы, Миялы ауылы, Қасымбеков көшесі №24Б. Анықтама үшін телефондар: іс жүргізуші +77477916855

Пайдалы ақпараттық ресурстар