"Ата өсиеті" арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында "ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР" тақырыбында аталармен кездесу ұйымдастырылды.Аталармен кездесу дөңгелек үстел форматында өткізіліп, аталар немерелерімен қатысты.
Іс - шараның мақсаты: Шежірені, әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін талқылау.
Іс - шараның міндеттері:
1. Шежіренің сырын, мағынасын ашу;
2. Қан тазалығы ұлт болашағы екенін назар аудару;
3. Әулет тарихын білудің мәнін түсіндіру;
Ең бірінші аталар мен оқушыларға дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттері таныстырылды. Нақыл сөздер пайдаланып, шежіре туралы түсінік жүргізілді. Оқушылар жеті аталарын айтса, аталар шежіре, қан тазалығы, әулет тарихы туралы немерелеріне айтып берді. Оқушылар аталарына алғыс айтты. Іс - шара соңында "Атадан бата алмай, үй болмас" дегендей аталар батасын беріп, немерелеріне ақыл - кеңестерін айтты. Іс - шараны ДТІЖО Толегенова С. А ұйымдастырды.
#Біртұтас_тәрбие
22 Тамыз 2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша іс-шаралар
"ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ" клубы.
Жаңалыктар
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
Пайдалы ақпараттық ресурстар