22 Тамыз 2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша іс-шаралар

«Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

«Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық онкүндігі аясында 15 қараша күні «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы» тақырыбында әлеуметтік педагог Серік Данна, 7-сынып жетекшісі Рамазанова А, 5-сынып жетекшісі Болат А жетекшілігімен ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.
#біртұтас_тәрбие

Пайдалы ақпараттық ресурстар