19 Тамыз 2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша іс-шаралар

“Қарттарын қадірлеген -ел ардақты" «Қарттарым - асыл қазынам»

“Қарттарын қадірлеген -ел ардақты"
1-қазан Қарттар күні.
Үлкенді сыйлаумен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. «Қарттарым - асыл қазынам» деген ұстанымды ұстанатын ерікті жастарымыз мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары, сынып жетекшілері Оспанбаева Г. А. Меркибаева Д. Ш , педагог-ұйымдастырушы Сейілханов А. Б. ағайларымен бірлесе отырып «Қарттар күніне» орай қарттарға құрмет көрсетті.
Мектебіміздің оқушылары көмекке мұқтаж қарттардың үйіне барып, үй жинап, аула тазалап, шаруашылығына қолғабыс болып келеді. Сондай-ақ қарттарға көмектесіп қана қоймай, үлкендердің әңгімесін тыңдап, ақыл-кеңестерін де алады. Ал зейнеткерлер өз кезегінде жас еріктілерге үлкен алғыстарын білдіріп, баталарын берді.
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.


#біртұтас_тәрбие

Пайдалы ақпараттық ресурстар