19 Тамыз 2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша іс-шаралар

"Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы" тақырыбында мектепшілік ата-аналар жиналысы

22.09. күні "Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы" тақырыбында мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты:
1. Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту.
2. Отбасы тәрбиесіндегі ата ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
3. "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының қызметі туралы түсіндірме жұмысын жүргізу
Жиналысқа мектеп директоры,ДТІЖО, әлеуметтік педагог, психолог, медбике ,ата-аналар комитетінің төрайымы, 1-11 сынып ата-аналары қамтылды.
Жиналыс барысында
ата-аналармен бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жағдайларды талқылай отырып, бүгінгі заман талабына сай ата-аналардың жауапкершілігін арттыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқықбұзушылық, әлімжеттік,зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетіліп, арнайы сауалнамалар дайындалып, сол тақырыптар бойынша кері байланыстар алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар жаңа оқу жылында барлық білім мекемелерінде ашылатын "Ата -аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жұмысы мазмұны, мақсат , міндеттері туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.


#біртұтас_тәрбие

Пайдалы ақпараттық ресурстар