Ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары
Мектептің әдістемелік тақырыбы:
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы оқыту мен оқудағы оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін дамыту.
Әдістемелік жұмысының мақсат, міндеттері
Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты: мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Мектептегі ғылыми - әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:
- Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену);
- Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық - психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
- Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Оқуты мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
- Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері және психолог, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету;
- Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
- Оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өндеуге ұсыныстар беру;
- Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар мен онкүндіктер ұйымдастырып, олардың мектептегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;
- Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
- Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.
- Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
Әдістемелік жұмыс нысандары:
- Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
- Инновациялық - педагогикалық технологияларды пайдалану;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру;
- Озық тәжірибе мектебі
- Жас мамандар мектебі
- Сертификатталған ұстаздардың шығармашылық топ жұмысы
Инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдану
- Тұрақты үйретуші вебинар - семинар;
- Пәндік апталықтар;
- Сабаққа қатысу;
- Біліктілікті арттыру курстары;
- Оқушылармен жұмыс
- Пәндік олимпиада, интернет олимпиадалар;
- Ғылыми жобалар, сайыстар;
Әдістемелік іс - шара жоспары
№ | Жұмыстың негізгі бағыттары | Іс-шаралар | Жауаптылар | Орындалу мерзімі |
1 | Біліктілікті арттыру. Мақсаты: Мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, өз білімін жетілдіру. | 1.1. Біліктілікті арттыру перспективалық кестесін құру. | Қ. Мурзахметова | Тамыз |
1.2. Педагог кадрлардың біліктілікті арттыру курсының 5 жылдық жобалық жоспарын құру. | Қ.Мурзахметова | Қыркүйек | ||
1.3. Аудандық оқу бөліміне қайта даярлау курсынан өтетін ұстаздарға сұраныс беру. | Қ.Мурзахметова | Қазан | ||
1.4. PIRLS, PISA,TIMSS халықаралық білім жетістіктерін зерттеу негізінде оқушылардың дайындық жұмыстарының нәтижесін бақылау. | Қ.Мурзахметова | Қараша | ||
1.5. Аудандық білім бөліміне жетіспейтін мамандарға, жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандар жәрмеңкесіне сұраныс беру | Қ.Мурзахметова | Жыл бойы, мамыр | ||
2 | Жас маман мектебі Мақсаты: Жас ұстаздың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру. | 2.1. А.Мектептің нормативтік құжаттарымен танысу. Ә.Мектеп құжаттарын жүргізу (жұмыс бағдарламасы, тақырыптық - күнтізбелік жоспар, күнделік.кз). | Қ.Мурзахметова | Қыркүйек |
2.2. Ұстаздың сабаққа дайындығы. А.Сабақ жоспары. (ҚМЖ) онлайн. Ә.Жас маман сауалнамасы. | Қ.Мурзахметова | Қазан | ||
2.3. А.Сабақты талдауға қойылатын талаптар. Ә.Ұстаздың сабақ барысындағы іс - әрекеті. | Қ.Мурзахметова | Қараша | ||
2.4. Аудан көлемінде өтетін семинар, шеберлік сабақтарына қатысу. | К.Мурзахметова | Кесте бойынша | ||
2.5. А.Әдістемелік семинар Пікір талас «Сабақ барысында кездесетін келеңсіз қиын жағдайлардан шығу» | Г.Мурзахметова | Сәуір | ||
2.6. Жас маман мен тәлімгердің шығармашылық есебі. | Тәлімгерлер | Сәуір | ||
3 | Педагог кадрларды аттестаттау жұмыстары. Мақсаты: Педагог кадрлардың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін айқындау және біліктілігін көтеруге жағдай жасау. | 3.1. Аттестаттаудан өтуге өтініштер қабылдау (онлайн) | - | Мамыр - маусым |
3.2. Педагогикалық кеңесте аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің тізімін бекіту. | Аттестаттау комиссиясының төрайымы | Тамыз | ||
3.3. Бұйрықтар шығару: - Мектеп аттестаттау комиссиясын құру туралы; - Сарапшылар тобын құру туралы; - Педагог қызметкерлерді біліктілік санатына аттестаттау туралы. | К.Мурзахметова | Қыркүйек | ||
3.4. Аттестаттау комиссиясының аттестаттаушылар құжаттарын олардың талаптарына сай екендігін зерделеу (онлайн). | Аттестаттау комиссиясы | Қыркүйек | ||
3.5. Теориялық семинар - вебинар (онлайн) «Аттестаттау мәселесі жөніндегі нормативтік - құқықтық база және әдістемелік нұсқаулықтар». | К.Мурзахметова | Қазан - желтоқсан | ||
3.6. Педагог портфолиосының құрылымы. | Аттестаттау комиссиясы | Қараша | ||
3.7. Аттестатталушы мұғалімдердің сабақтарына қатысу. | Аттестаттау комиссиясы | Қараша | ||
3.8. Мектеп аттестаттау комиссиясының шешімдері бар құжаттарын аудандық білім бөліміне жіберуге дайындау. | Аттестаттау комиссиясы хатшысы | Наурыз | ||
3.9. Аттестаттаудан өту мәселесі жөніндегі талдамалық материалдарды рәсімдеу. | Аттестаттау комиссиясы хатшысы | Сәуір | ||
3.10. Аттестаттау қорытындылары бойынша бұйрықтар шығару. | К.Мурзахметова | Сәуір - мамыр | ||
4 | Пәндік апталықтар Мақсаты: Оқушылардың құзыреттілігін арттыру және шығармашылық қабілетін шыңдау. | 4.1. Бастауыш сынып пәндері бірлестігі | Бірлестік жетекшісі | Ақпан - 5 күндік |
4.2. Политехникалық пәндер бірлестігі | Бірлестік жетекшісі | Қараша - 5 күндік | ||
4.3. Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері бірлестігі | Бірлестік жетекшісі | Қыркүйек - 5 күндік | ||
4.4. Шет тілдер (Орыс тілі және ағылшын тілі) бірлестігі | Бірлестік жетекшісі | Қараша - 5 күндік | ||
4.5. Эстетикалық пәндер бірлестігі | Бірлестік жетекшісі | Желтоқсан - 5 күндік | ||
4.6. Құқықтық апталық | Бірлестік жетекшісі | Ақпан - 5 күндік | ||
5 | Әдістемелік апталық Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін шыңдау. | 5.1. Әдістемелік апталық (Бастауыш сынып бірлестігі) | Бірлестік жетекшісі Пән мұғалімдері | Қаңтар |
5.2. Әдістемелік апталық (Эстетикалық пәндер бірлестігі) | Бірлестік жетекшісі Пән мұғалімдері | Наурыз | ||
5.3. Әдістемелік апталық (политехникалық пәндер бірлестігі) | Бірлестік жетекшісі Пән мұғалімдері | Сәуір | ||
5.4. Әдістемелік апталық (қазақ тілі мен әдебиет, тарих, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын пәндерінің бірлестігі) | Бірлестік жетекшісі Пән мұғалімдері | Ақпан | ||
1. Әдістемелік кеңестің жылдық жұмыс жоспарын қорытындылау. (Оқушы, мұғалім жетістіктері бойынша мониторинг, т.б.) 2. Жаңа оқу жылының жоспарының жобасын қарау. | К.Мурзахметова | Мамыр | ||
6 | Дарынды балалармен жұмыс Мақсаты:Дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасау. | 6.1. Дарынды оқушылар туралы мәлімет алу. | К.Мурзахметова | Қыркүйек. Онлайн |
6.2. «Айқанат» олимпиадасы. | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қыркүйек. Онлайн | ||
6.3. Ғылыми жұмыс, Зерде ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастыру. | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қыркүйек - наурыз. Онлайн | ||
6.4. Пән олимпиадасына дайындық жұмыстарын жүргізу және өткізу. | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қараша - қаңтар. Онлайн | ||
6.5. «Мұқағали Мақатаев» оқулары. Әдеби кеш | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Ақпан | ||
6.6. «Жамбыл» оқулары. Әдеби кеш | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Ақпан | ||
6.7. «Абай» оқулары. Әдеби кеш | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Наурыз | ||
6.8. «Жарқын болашақ». | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қараша. | ||
6.9. «Ілияс Жансүгіров» оқулары. Әдеби кеш | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қараша. | ||
6.10. «Бек Тоғысбаев» оқулары. Әдеби кеш | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қазан. | ||
6.11. «Қонаев» оқулары. Әдеби кеш | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қаңтар | ||
6.12. «Ақ бота». | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қазан. Онлайн | ||
6.13. «Русский медвежонок». | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Қараша | ||
6.14. «Британский бульдог». | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Желтоқсан. | ||
6.15. «Кенгуру» | Қ.Мурзахметова Пән мұғалімдері | Наурыз | ||
6.17. «Ғасыр көшбасшысы» 5 - 7, 8 - 11 сыныптар | ОІЖО Пән мұғалімдері | Қаңтар | ||
7 | Байқаулар, сайыстар Мақсаты: Озық педагогикалық тәжірибені насихаттау, шығармашыл ұстаздарды қолдау. | 7.1. Диагностика «Үздік бірлестік». | К.Мурзахметова | Кесте бойынша |
7.2. «Жыл бастауыш сынып мұғалімі» байқауы. | К.Мурзахметова | Кесте бойынша | ||
7.3. «Жыл сынып жетекші» байқауы. | К.Мурзахметова | Кесте бойынша | ||
7.4. «Жыл мұғалімі» байқауы. | К.Мурзахметова | Кесте бойынша | ||
7.5. Пәндер бойынша мұғалімдер байқауы. | К.Мурзахметова | Кесте бойынша |