«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
Еске сақтаудағы маңызды құпия – ЭМОЦИОНАЛДЫ ЕСТЕ САҚТАУ.
Стресті жеңу үшін не істеу қажет.
Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.
Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын - туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата - аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларын мен апайларыңа және басқа жақын - туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені, олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейрімді жылы сөзді күтіп отыр.
22 Тамыз 2024
Түлектерге кеңес
ҰБТ-ға қатысатын оқушыларға және емтихан тапсыратын оқушылар үшін психологиялық кеңес
Жаңалыктар
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
Пайдалы ақпараттық ресурстар