29 Шілде 2024
Мектеп кітапханасы

«Менің сүйікті кітаптарым»

Максаты: кітапты бағалау, жақсы және жаманды түсінуге тәрбиелеу. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Оқушылырды кітапқұмарлыққа бейімдеу.

Кітап көрмесінің ашылуында оқушылар кітапқа байланысты өлең жолдарын қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқып, өздерінің сүйікті кітаптары жайында мазмұндады. Окушылар бір - біріне мазмұндау және сұрақтар қою арқылы әртүрлі жанырдағы кітаптар жайында біліп қызығушылықтар оянып, кітаптарды қызыға оқыды.

Өркениетті дамыған, білім, ғылым, мәдениет басты орын алатын елімізде кітап оқуға деген, білімге деген қызығыушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген көрме өз дәрежесінде өтіп, оқушылардың оқуға және кітапқа деген қызығушылықтары арта түсті.

Көрмені тіл мамандары ұйымдастырып өткізді  Жылкайдарова А.А., Попова Е., Кыдырбай П., Болат А.

Пайдалы ақпараттық ресурстар